Жетісуда сайлау комиссияларының мүшелері оқудан өтіп жатыр
Жетісу облысында құрылтай сайлауына дайындық барысында 11 аумақтық және 468 учаскелік комиссия мүшелері оқу курсынан өтуде. 400 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.
Сурет: 24.kz
Жетісу облысында 11 аумақтық және 468 учаскелік сайлау комиссиясы құрылтай сайлауына дайындық үстінде. Өңірде 400 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Қазіргі уақытта комиссия мүшелері арнайы оқу курсынан өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Ауылдық жерлерде сайлауға қызу дайындық жүріп жатыр. Комиссия мүшелері 15 шілдеден бастап онлайн оқыту курсынан өтуде. Осы уақыт аралығында 3 мыңға жуық адам білімін жетілдіруде. Сарқан ауданында 200-ден астам адам қатысып, сайлау күні 35 учаскеде жұмыс істейтін болады.
Мұратбек Естеуов, Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Жоғарыда аталған 35 комиссияның мүшелері 211 адам. Сол 211 адамды біз шілденің 15-ші жұлдызынан бастап оқыту-дайындау жұмыстарын жүргіземіз. Олар электрондық форматта және орталық облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен қатысқан семинар жиындарында өткізіледі.»
