Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Лионель Месси Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтауы мүмкін Жалған ақпарат жарға жықты: Атырау облысында жүргізуші полицияға қатысты жалған видео таратқаны үшін істі болды (ВИДЕО) Алматы облысында мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) «Былтыр ғана төселген»: Теміртауда жаңа жолды ауыр жүк көліктері талқандап жатыр Қарағандыда қансыраған кәріз жүйесі: Тәттімбет көшесіндегі халық қыстан бері нәжіс пен сасық иіске тұншығып отыр Бектенов: Қазақстан өз автомобиль брендтерін дамытуы керек Лионель Месси Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтауы мүмкін Жалған ақпарат жарға жықты: Атырау облысында жүргізуші полицияға қатысты жалған видео таратқаны үшін істі болды (ВИДЕО) Алматы облысында мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) «Былтыр ғана төселген»: Теміртауда жаңа жолды ауыр жүк көліктері талқандап жатыр Қарағандыда қансыраған кәріз жүйесі: Тәттімбет көшесіндегі халық қыстан бері нәжіс пен сасық иіске тұншығып отыр Бектенов: Қазақстан өз автомобиль брендтерін дамытуы керек

    Айналымы – 7,5 млрд теңге: қазақстандықтар «Club GG Poker» онлайн-казиносын Грузияда отырып басқарған

    Айналымы – 7,5 млрд теңге: қазақстандықтар «Club GG Poker» онлайн-казиносын Грузияда отырып басқарған

    Фото: ҚМА/Видеодан скрин

    «Club GG Poker» мобильді платформасы негізінде құрылған бұл онлайн-казиноны Қазақстан азаматтары Грузия аумағында отырып басқарған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қаржылық мониторинг агенттігі ел аумағында жұмыс істеген ірі «Nomad Poker» атты онлайн-казиноның заңсыз қызметін тоқтатты. Тергеу барысында «Club GG Poker» мобильді платформасы негізінде құрылған «Nomad Poker» онлайн-казиносының қызметін Қазақстан азаматтары Грузия аумағынан жүргізіп отырғаны анықталды.

    «Мұндай схема ұйымдастырушылардың жеке басын жасыруға, ақша ағындарын бақылауды қиындатуға және заңсыз қызметті жүргізу үшін шетел азаматтарының атына рәсімделген банк шоттары мен байланыс құралдарын пайдалануға мүмкіндік берген. Заңсыз ойын платформасы тәулік бойы жұмыс істеп, қатысушыларға онлайн-покер форматында ақша тігіп, ұтысты қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкіндігін ұсынған. Жаңа қатысушыларды тарту мақсатында ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді және жарнама құралдарын пайдаланған. Нәтижесінде онлайн-казино қызметіне 20 мыңнан астам пайдаланушы тартылған», — делінген агенттік хабарламасында.

    Сонымен қатар ұйымдастырушылар үшінші тұлғалардың банк шоттарын, яғни «дропперлердің» шоттарын пайдаланудың тармақталған жүйесін құрған.

    Осы мақсатта күдіктілер Қазақстанға шетел азаматтарының ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етіп, олардың атына 400 АҚШ долларына дейінгі сыйақы үшін банк карталары мен мобильді банкинг рәсімдеген.

    «Тергеу барысында онлайн-казино қызметін қамтамасыз ету үшін 60-тан астам дроп-шот пайдаланылғаны анықталды. Ойыншылардан түскен қаражат көлемі 7,5 млрд теңгеден асты. Сот санкциясымен Алматы қаласындағы пәтерге, үш автокөлікке, сондай-ақ дропперлердің банк шоттарындағы 158 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатына тыйым салынды. Тергеу жүріп жатыр», — деп жазады Қаржылық мониторинг агенттігі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →