Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

    Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесіп, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты талқылады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайдағы жұмыс сапары барысында Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кездесуде Қазақстан Таиландты Азиядағы маңызды серіктестердің бірі санайтыны айтылды. Елдер арасындағы экономикалық ықпалдастықтың зор әлеуеті бар. Ағымдағы жылдың төрт айында тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76 пайызға өсіп, 110 миллион доллардан асты.

    Президенттің пікірінше, бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға болады. Аграрлық өнімдерді жеткізу есебінен сауда көлемін ұлғайтуға мол мүмкіндік бар. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін екі ел үкіметтері арасындағы байланысты жандандыру ұсынылды.

    Тағы бір маңызды бағыт – туризм. Таиланд қазақстандықтар арасында ең танымал бағыттардың бірі. Өткен жылы 150 мыңнан астам отандасымыз бұл елге барған. Қазақстан болса, таиландтық туристерге қысқы демалысты қоса алғанда, бірегей мүмкіндіктер ұсына алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →