Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО)

    Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық пен сауда-экономикалық мәселелерді талқылады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мемлекет басшысы Төраға Си Цзиньпинге жасанды интеллект жөніндегі конференцияға шақырғаны үшін алғыс білдіріп, бұл шараның Шанхайда өтуі – Шығыстың інжу-маржаны саналатын қалада ұйымдастырылуы символдық мәнге ие екенін атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасын Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуымен құттықтады. Ол: «Қытайдың халықаралық қауымдастық алдындағы беделі зор және оның жетістіктерін бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда еліңізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді бәріміз үлкен қызығушылықпен қараймыз. Бұл, ең алдымен, Сіздің көреген басшылығыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасы деп санаймын. Өзіңізді халқын алға бастап келе жатқан тегеурінді көшбасшы және жаһандық деңгейдегі парасатты саясаткер ретінде ерекше құрметтеймін. Сіз көтерген игі бастамаларды қолдауға әрқашан дайынбыз. Қазақстан Қытаймен мәңгілік әрі стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайта беруге қашанда мүдделі. Соңғы жылдары мемлекеттеріміз арасындағы саяси диалог айтарлықтай жандана түсті», – деді.

    Президенттің айтуынша, тараптар сауда-экономикалық салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі. Осы уақытқа дейін ҚХР еліміздің экономикасына 30 миллиард доллар инвестиция құйды. Өткен жылы екіжақты сауда көлемі 49 миллиард долларға жетті. Қазір Қазақстанда 8,5 мыңнан астам Қытай компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Өнеркәсіп, энергетика, газ-химия, машина жасау және ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың әртүрлі салаларында біріккен ірі жобалар жүзеге асырылуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →