Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жеңіп алды
Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Колумбияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 79 келі салмақта қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 304 (142+162) келіні көтеріп, үшінші орынға ие болды.
Алтын медаль мысырлық Мохамед Абдельрадиге бұйырды — ол 318 (143+175) келі көтерді. Екінші орынды ливиялық Абдулрауф Халифа 305 (137+168) келі нәтижемен иеленді.
