Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Мбаппе мен Дембеле Францияны жартылай финалға шығарды

    Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Мбаппе пен Дембеле гол соқты.

    Мбаппе мен Дембеле Францияны жартылай финалға шығарды

    Фото: Equipe de France

    Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Марокконы 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Фоксборо қаласында өткен матчта екінші таймда Килиан Мбаппе мен Усман Дембеле алты минут ішінде бір-бір гол соқты. Бірінші таймда француз капитаны пенальтиден соққан допты қақпашы Яссин Буну қайтарды.

    Франция құрамасы жартылай финалға шығып, Испания мен Бельгия арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

    Мбаппе 2026 жылғы әлем чемпионатында сегізінші голын соғып, турнирдің үздік мергендер рейтингінде аргентиналық Лионель Мессимен теңесті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →