Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

    «40 жыл қорқып келемін»:Меруерт Түсіпбаева ажалдан қалай аман қалғанын айтты (видео)

    Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева бала кезінде суға кетіп, ажалдан аман қалғанын еске алды. Ол 40 жыл бойы судан қорқып келгенін айтып, қазір жүзуді үйреніп жүр.

    «40 жыл қорқып келемін»:Меруерт Түсіпбаева ажалдан қалай аман қалғанын айтты (видео)

    Сурет: sn.kz

    «О, Құдай! Мені неге сонша ерте әкетіп барасың?» — деп жазды қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында. Ол бала кезінде суға кетіп, ажалдан аман қалғаны туралы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесінің айтуынша, 13 жасында ол көлге батып, тұншығып жатқан сәтте өмірімен қош айтысатындай күй кешкен. «Судың астындағы шөптердің арасында жатып, сасық суды әбден жұтып, тұншығып жатқанда: «О, Құдай! Мені неге сонша ерте әкетіп барасың? Сонда менің әнші боламын деген арманым қайда?» деген ой келді», — деп жазды ол.

    Меруерт Түсіпбаева арада шамамен 40 жыл өткен соң осы қорқынышын жеңуге бел буғанын айтты. Қазір ол жүзуді үйреніп жүр және фобиясынан арылу үшін бассейнге төртінші рет барғанын жеткізді. Сонымен қатар әнші әлеуметтік желідегі оқырмандарына өздерінің қандай қорқыныштары бар екенін және оны жеңе алған-алмағанын сұрады.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →