Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО)

    Президент Тоқаев мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларындағы жұмыстарды талқылады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Аида Балаеваны қабылдап, мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларындағы жаңа Конституция ережелерінің іске асырылу барысын талқылады.

    Президент Тоқаев мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларындағы жұмыстарды талқылады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қабылдау барысында Президентке мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында жаңа Конституция ережелерін іске асыру барысы, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы баяндалды.

    Аида Балаева заңнаманы жаңа Ата заңға сәйкестендіру, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, цифрлық кеңістікті дамыту, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ отбасы және жастар саясаты, волонтерлік қызмет пен қоғамдық бақылау салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Сонымен қатар ол жаңа білім, ғылыми-ағартушылық және шығармашылық нысандарын құру, дәстүрлі өнерді қолдау мен білікті маман даярлау бағыттарында еліміздің мәдени инфрақұрылымын жандандыру жөніндегі ұсыныстарды жеткізді.

    Мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Вице-премьер білім, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, спорт және туризм салаларын дамыту жайында баяндады. Ведомствоаралық ықпалдастықты күшейтуге, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, адами капиталды дамытуға, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге және әлеуметтік сала инфрақұрылымын қалыптастыруға ерекше мән берілді.

    Қабылдау қорытындысы бойынша Президент мәдениет, ақпарат және әлеуметтік даму салаларындағы мемлекеттік саясатты одан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →