Сурет: kaztag.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған. Заң мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.
