Басты бет » Дастан Сәтпаев «Челсиге» ауысуы жайлы: қобалжу мен қуаныш қатар

Дастан Сәтпаев «Челсиге» ауысуы жайлы: қобалжу мен қуаныш қатар

Дастан Сәтпаев «Челсиге» ауысуы жайлы: қобалжу мен қуаныш қатар

Сурет: sn.kz

Жас футболшы Дастан Сәтпаев «Қайрат» клубының YouTube арнасына берген сұхбатында спортқа келу жолы мен «Челсиге» ауысуы туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Ол бала кезінде ауладағы достарымен футбол ойнап жүргенін, бір күні атасы оның доп қууын көріп, потенциалын байқап, ата-анасына оны футболға беруді ұсынғанын еске алады. Ата-анасы екі ойлы болса да, атасы оны академияға өзі жазып, іріктеуден өткізген.

Сәтпаевтің айтуынша, әйгілі «Челси» клубына ауысатынына өзі де сене алмаған. «Бастапқыда «Челсимен» келісімшартқа қол қойғаныма көп адам сенбеді, тіпті өзім де сенбеген шығармын. Қазір екіұдай күйдемін. Сезімдерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қобалжу да бар, қуаныш та бар. Мансабымның жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұрмын. «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарымды өткізіп жатырмын. Еуропалық клубқа ауысуым үшін «Қайрат» маған бәрін берді. Әрі қарай енді бәрі маған байланысты болмақ», — деді ол.

Футболшы академиялар мен базалардың ұқсас екенін, тек масштабтары әртүрлі екенін атап өтті. «Челсиде» де дәл солай, алаңдары көбірек. Оларда алаңның көптігі мені таңғалдырды», — деп қосты ол.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика