Басты бет » Президент Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелеріне мемлекеттік наградалар тапсырды

Президент Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелеріне мемлекеттік наградалар тапсырды

Президент Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелеріне мемлекеттік наградалар тапсырды

Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі және инвестициялық тартымдылықты арттырудағы көп жылғы нәтижелі қызметі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Ислам даму банкінің төрағасы Мұхаммед Сулейман әл-Джассер, AD Ports Group компаниясының басқарушы директоры әрі бас атқарушы директоры Мұхаммед Жума әл-Шамиси, Citi компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бас басқарушысы Дэвид Ливингстон, Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старак, Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцель және «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков марапатталды.

«Құрмет» орденімен «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Байдашева наградталды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика