Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді •

    Қазақстан агроөнеркәсіп өнімдерін терең өңдейтін өңірлік орталыққа айналады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды агроөнеркәсіп өнімдерін терең өңдейтін өңірлік орталыққа айналдыру мақсатын айтты.

    Қазақстан агроөнеркәсіп өнімдерін терең өңдейтін өңірлік орталыққа айналады

    Қазақстанның түпкі мақсаты – ауыл шаруашылығын дамытумен шектелмей, елімізді агроөнеркәсіп өнімдерін терең өңдейтін өңірлік орталыққа айналдыру. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    – Біз шикізат экспорттаумен шектеліп қалмай, ел ішінде қосылған құны жоғары өнім шығаруға ұмтыламыз. Ол үшін, ең алдымен, тамақ өнеркәсібін дамытуға, озық технологияларды енгізуге және орнықты өндірістік-нарықтық тізбекті қалыптастыруға басымдық беру өзекті. Аталған салада өндірістік циклдің барлық кезеңіне инвестиция салуға мол мүмкіндік бар. Біз жасанды интеллект, роботтандыру технологияларын және Индустрия 4.0 шешімдерін тамақ өнеркәсібіне белсенді түрде енгізе бастадық. ЖИ негізінде сапаны бақылау жүйесі, құрал-жабдыққа болжамды қызмет көрсету технологиясы, автоматтандырылған өндірістік желі және жеткізу тізбегін интеллектуалды басқару өнеркәсіп тиімділігін айтарлықтай арттырады, жоғары өнім сапасы мен қатаң сақталатын халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар интеллектуалды логистика жүйелеріне, автоматтандырылған қойма кешендеріне, мұздатқыш инфрақұрылымына және заманауи қаптама технологияларына инвестиция салу агроөнеркәсіп саласындағы бір-біріне толықтай кіріктірілген, яғни өндірістік-нарықтық цифрлық тізбекті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Халықаралық инвесторларды, жетекші азық-түлік өндірушілерді, технологиялық компанияларды және ЖИ шешімдерін әзірлеушілерді осы ауқымды трансформацияға атсалысуға шақырамыз, – деді Президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →