Басты бет » Алматыда бірге арақ ішкен екі еркек бірін бірі пышақтады

Алматыда бірге арақ ішкен екі еркек бірін бірі пышақтады

Фото: Pixabay

Алматының Бостандық ауданында бірге алкоголь ішкен екі ер адамның арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Оқиға 25 маусым күні кешкі уақытта Әуезов пен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында болған.

Полицияның мәліметінше, бірге ішімдік ішіп отырған екі азамат арасында жанжал туындаған. Сөзге келіспей қалған олардың бірі екіншісінің аяғына пышақ сұққан.

Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді. Күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, осы күні Алматының Алмалы ауданында полицейлер қауіпті жағдайда қалған қыз туралы хабарламаға жедел әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алған болатын.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика