Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысында оқушы аяусыз соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түсті • Актер Мұқан Шәкір 81 жасында дүниеден өтті • Ақсудағы төрт үйдің тұрғындары 4 жылдан бері кәріз иісіне тұншығып отыр • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Жамбыл облысында оқушы аяусыз соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түсті • Актер Мұқан Шәкір 81 жасында дүниеден өтті • Ақсудағы төрт үйдің тұрғындары 4 жылдан бері кәріз иісіне тұншығып отыр • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады •

    «Басқа қалада тұрып жатыр»: сәбиін көтеріп, курьер болып жүрген келіншек Алматыдан көшіп кеткен

    «Басқа қалада тұрып жатыр»: сәбиін көтеріп, курьер болып жүрген келіншек Алматыдан көшіп кеткен

    Фото: видео скриншот

    Алматыда сәбиін көтеріп курьер болып жүрген ана жолдасымен бірге Шымкентке көшіп кеткен. Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Вице-министрдің айтуынша, желіде сурет жарияланған бойда Алматы қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері отбасыға барып, жағдайымен танысып, жұмыс ұсынған. Алайда отбасы бұл ұсыныстан бас тартқан.

    Ербол Тұяқбаев министрлікке отбасының Алматыдан не себепті көшкені белгісіз екенін айтты.

    “Нақты не себеп болғанын білмейміз. Бұл отбасының өзара қабылдаған шешімі. Мүмкін ата-анасы қайта шақырған шығар. Кеше ғана Шымкент қаласының әлеуметтік қорғау басқармасынан бұл ақпаратты нақтыладық. Олар отбасының сонда екенін растады. Ешқандай қысым көрсетілмеген”, – деді вице-министр.

    Осылайша Еңбек министрлігі отбасының Алматыдан көшу туралы шешімді өз еркімен қабылдағанын, ал оларға қысым жасалды деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →