Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты •

    Қазақстан мен ЕО арасындағы байланыс тарихи деңгейге жетті

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО көшбасшыларымен келіссөздер өткізіп, екіжақты қатынастардың тарихи деңгейге жеткенін атап өтті.

    Қазақстан мен ЕО арасындағы байланыс тарихи деңгейге жетті

    Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыс екіжақты ынтымақтастық тарихындағы ең жоғары деңгейге жетті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО көшбасшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен жүргізген келіссөздер барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    – Өзара сенім мен құрметке негізделген біздің қарым-қатынасымыз шынайы стратегиялық сипатқа ие болды. Мен Брюссельге сан қырлы ынтымақтастығымызды ортақ мүддеміз бар барлық салада тереңдету мақсатында келдім. Жаңа ғана қол қойылған маңызды келісім мен меморандумдар ықпалдастықты одан әрі нығайтуға бейіл екеніміздің айқын дәлелі. Бүгінгі келіссөз қорытындылары Қазақстан-Еуропа қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен ЕО арасында аса жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог жолға қойылғанын айтты. Сондай-ақ еліміздің аймақта бірінші болып ЕО-мен Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойып, ратификациялағанын еске салды.

    Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға айрықша назар аударды. – Бүгінде ЕО Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі саналады. Еуропалық компаниялар экономикамыздың түрлі саласына зор үлес қосып келеді. Олардың табысы еуропалық бизнестің Қазақстанға деген сенімін байқатады. Біз Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы сенімді серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз. Сондай-ақ еуропалық инвесторлар үшін тұрақты әрі тартымды инвестициялық климат жасауға ұмтыламыз, – деді Президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →