Маңғыстауда балабақшада бүлдіршін қатарласын пышақпен жаралады: директор қызметінен босатылды
Маңғыстау облысында балабақшада бала пышақпен жараланды. Директор қызметінен босатылып, тәрбиешіге айыппұл салынды.
Маңғыстау облысының Жетібай ауылындағы «Жауқазын» балабақшасында бүлдіршін қатарласын кеңсе пышағымен жаралады. Осы оқиғаға байланысты балабақша директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Қарақия аудандық білім бөлімі «Жауқазын» балабақшасының директорымен жасалған еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығарды. Бұдан бөлек, «кәмелетке толмағанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны» үшін балабақша директоры мен топ тәрбиешісіне айыппұл салынды.
