Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Аса ірі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды Грузияда ұсталған қазақстандық алаяқ елге экстрадицияланды Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында әскери техника қозғалысы байқалады Ақтөбедегі әскери бөлімде сарбазды ұрып-соққан: анасы көмек сұрайды ОДКБ «Рубеж-2026» оқу-жаттығу алдында үш облыста әскери техника қозғалады Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Аса ірі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды Грузияда ұсталған қазақстандық алаяқ елге экстрадицияланды Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында әскери техника қозғалысы байқалады Ақтөбедегі әскери бөлімде сарбазды ұрып-соққан: анасы көмек сұрайды ОДКБ «Рубеж-2026» оқу-жаттығу алдында үш облыста әскери техника қозғалады

    Бағдаршам істемейді: Көкшетаудың кептеліске толы көшелері халықтың шыдамын тауысты

    Бағдаршам істемейді: Көкшетаудың кептеліске толы көшелері халықтың шыдамын тауысты

    Фото: видео скриншот

    Көкшетау қаласының «Станция арты» (Застанционный) шағын ауданына кіреберістегі көпір маңында тағы да бағдаршам істемей қалды. ⁠Бұл жағдай жолда үлкен көлік кептелісін тудырып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғындардың айтуынша, бұл тоғыс өте қауіпті әрі жанданып тұрған нүкте болса да, жауаптылар тарапынан ешқандай назар аударылмай келеді. Бағдаршамның жиі өшуіне не тоқтың жоқтығы, не құрылғының өздігінен бұзылуы себеп болады екен. Халық бұл жерде жол реттеушісінің де көрінбейтініне және электр қуатының күнделікті өшетініне наразы. Қалалық электр желілерінің тоқтаусыз жөндеу жұмыстары халықтың шыдамын әбден тауысты.

    Ең сорақысы, бағдаршам сөнгенде бұл маңдағы қауіпсіздікті ешкім бақыламайды. Тұрғындар күнделікті осы азапты көруге мәжбүр болып отыр. Атқамінерлер бұл мәселені қашан қолға алып, халықтың жанайқайын естиді? Әзірге «Станция артының» жұрты жауапсыздық пен кептелістің құрсауында қалып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →