Басты бет » Ертеңнен бастап барлық банк бірыңғай QR-код жүйесіне қосылады

Ертеңнен бастап барлық банк бірыңғай QR-код жүйесіне қосылады

Фото: Pixabay

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елдегі банктер бірыңғай QR-код жүйесіне қашан қосылатынын айтты, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы. 

«19 шілдеден бастап QR төлемдердің бірыңғай банкаралық жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауы арқасында биылғы 1 мамырдан бастап экономиканың жаңа саласы – цифрлық активтер индустриясын іске қосудың құқықтық негізі қаланды. Заманауи, айқын және институционалды орта құрылды. Ұлттық банктің реттеу ортасы базасында цифрлық қаржы активтері саласында 30-дан астам инновациялық жоба іске қосылды. Осы жылы Ұлттық қордың активтерін жаңа нысаналы локациялауға көшіруді жоспарлап отырмыз», – деді Тимур Сүлейменов Сенаттың жалпы отырысында.

Айта кету керек, бұған дейін  Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляция жағдайына қатысты түсінік бергенін жазғанбыз.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика