Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді •

    Щучинскідегі жарылысқа қатысты іс сотқа жолданды

    Щучинскідегі жарылысқа қатысты іс сотқа жолданды

    Фото: 112

    Прокуратура «Центр плова» дәмханасындағы жарылысқа байланысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, материалдарды сотқа жіберді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

    Еске салайық, қайғылы оқиға 26 ақпанда болған. Бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан дәмханада газ баллоны жарылып, артынша ірі өрт шыққан. Апат салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 11 адам түрлі дәрежеде жарақат алған.

    Сот алдында үш адам жауап береді: дәмхананы жалға алушы, автогаз құю станциясының директоры және газ баллондарын жеткізуші. Оларға өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу және қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету баптары бойынша айып тағылған.

    Тергеу барысында анықталғандай, заңбұзушылықтар мен адамдардың қаза болуы арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс бар.

    Айыптау нұсқасы бойынша, автогаз құю станциясының директоры мен баллон жеткізуші газ баллондарын толтыру және тасымалдау кезінде ережелерді бұзған. Ал дәмхананы жалға алушы мекемеде өрт қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпеген.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →