Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті •

    228 млн теңге шығын: Абай облысында орманды заңсыз отағандар анықталды

    228 млн теңге шығын: Абай облысында орманды заңсыз отағандар анықталды

    Фото: depositphotos.com

    Абай облысында мемлекеттік орман қоры аумағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер анықталды, деп хабарлайды 24KZ-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Аталған заңсыздықтар «Семей орманы» МОТР ММ-нің Тау-Дала филиалына қарасты Үлкен-Бөкен орманшылығы аумағында тіркелді. Абай облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, топырақтың құнарлы қабаты мен жасыл желектер жойылып, орман қорының жерлері бүлінген.

    Орманшылықтың мәліметіне сәйкес, келтірілген залал мөлшері 228 млн теңгеден асты. Осыған байланысты Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 3-бөлігі 3) тармағы бойынша (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Облыс прокуратурасы жер қойнауын заңсыз пайдалану, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шаруашылық қызметті жүзеге асыру заңда белгіленген жауаптылыққа, оның ішінде қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

    Дереккөз: 24.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →