Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Түлектердің жүрек жылуы: бітіру кешінің қаржысы емге бағытталды

    Түлектердің жүрек жылуы: бітіру кешінің қаржысы емге бағытталды

    Фото: видеодан скрин

    Қоғамда мектеп бітірушілердің қымбат кортеж жалдап, жарысқан даңғазалығы қызу талқыға түсіп жатқан тұста, Мекерия Атымов атындағы №6 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып түлектері елге үлгі боларлық қадамға барды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жастар дәстүрлі мектеп бітіру кеші мен автошерулер өткізуден толықтай бас тартқан. Түлектер мен ата-аналар өзара келісе отырып, жиналған барлық қаражатты осы мектептің ауыр дертпен күресіп жатқан 2025 жылғы түлегі Әділғали Айдынның еміне аударуды жөн санапты.
    Бұл жаңалық желіде үлкен резонанс тудырып, халықты екіұдай күйге түсірді: бірі жастардың бұл мәрттігіне тәнті болса, екіншілері балалардың өмірде бір-ақ рет келетін мерекесін қиғанына қынжылыс білдіруде.

    Қалай десек те, дәл қазір Әділғали өмір үшін күресіп жатқанда, замандастарының бұл көмегі нақты әрі дер кезінде жасалған қолдау болды. Бүгінде мұндай қайырымдылық акциялары өзге де мектептерде белең алып, түлектер жетім балалар мен ауылдарын көркейтуге көмектесе бастаған. Бұл үрдіс алдағы уақытта мектеп бітіру тойының қалыптасқан форматын түпкілікті өзгертуі әбден мүмкін.

    Қоғамдағы бұл қызу пікірталас пен ізгі істің нәтижесі қалай боларын уақыт көрсетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →