Фото: Pixabay
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,34 теңгеге түсіп, 467,58 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 470,17 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 465,00 теңгеден сатып алынады, 472,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 540,00 теңге, сату — 550,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,09 теңге, сату — 6,40 теңге.
— юань: сатып алу — 67,44 теңге, сату — 73,01 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 467,81 теңгеден сатып алынады, 469,78 теңгеден сатылады. Еуро 544,29 – 549,36 теңге, ал рубль 6,23 – 6,37 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,35 теңгеден сатып алынады, 70,83 теңгеден сатылады.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 3,87 теңгеге түсіп, 470,17 теңге болды.
