Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Популистік ұраннан нақты нәтиже артық, реформалардың басты өлшемі бар — саясаттанушы «Димаш ән салған той»: Танымал блогер Дәмелінің қуанышынан жаңа кадрлар тарады (ВИДЕО) Жер сілкінісі кезінде баспана қираса, шығынды кім өтейді: сақтандыру ма, мемлекет көмегі ме? «Қатты ұяламын»: Ернар Айдар алғашқы концерті туралы сырын ашты (ВИДЕО) Жітіқарадағы дала өрті оқшауланды Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Популистік ұраннан нақты нәтиже артық, реформалардың басты өлшемі бар — саясаттанушы «Димаш ән салған той»: Танымал блогер Дәмелінің қуанышынан жаңа кадрлар тарады (ВИДЕО) Жер сілкінісі кезінде баспана қираса, шығынды кім өтейді: сақтандыру ма, мемлекет көмегі ме? «Қатты ұяламын»: Ернар Айдар алғашқы концерті туралы сырын ашты (ВИДЕО) Жітіқарадағы дала өрті оқшауланды

    Марқұмның әпкесі: «Кінәсін толық мойындады, әділ жаза талап етеміз»

    Марқұмның әпкесі: «Кінәсін толық мойындады, әділ жаза талап етеміз»

    Фото: видеодан скрин

    Марқұм Асыл Мұханғалиевтің әпкесі сот алдында көз жасын тыя алмай, қылмыскердің ең ауыр жаза алуын сұрады. Оның айтуынша, айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындаған. Бүкіл елдің жағасын ұстатқан бұл қанды оқиға бойынша сот процесі Атырауда ресми түрде басталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай салдарынан ерлі-зайыптылар мен олардың екі шиеттей баласы қатыгездікпен өлтірілген еді. Бүгін күдікті ретінде доқта отырған — осы әулеттің бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев. Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше ауыр баптары бойынша айып тағылып отыр.

    Сот ғимаратына республикалық БАҚ өкілдері, марқұмдардың жақындары мен бейжай қарамаған қала тұрғындары көп жиналды. Қаралы отбасының туыстары бұл күнді ұзақ күткенін және соттың әділ үкім шығарарынан үмітті екенін жеткізді. Көп балалы бір әулетті түбімен жоқ қылған бұл қылмыстың қалай аяқталарын бүкіл халық жіті бақылауда ұстап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →