Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды •

    Әлем басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

    Әлем басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары келіп түсті, деп хабарлайды qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне шет мемлекеттер және үкіметтер басшыларынан, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр.

    Мемлекет басшысының атына Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Сербия Президенті Александр Вучич, Молдова Президенті Майя Санду, Словакия Президенті Петер Пеллегрини, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Корея Республикасының Президенті Ли Чже Мёң, Мьянма Президенті Мин Аун Хлайн, Палестина Президенті Махмұд Аббас, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және тағы да басқа ресми тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

    Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері Президентке жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

    Құттықтау хаттары әлі де келіп түсуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →