Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО)

    Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады: үсік, қар және дауыл күтіледі

    «Қазгидромет» РМК жексенбіге арналған дауылды ескерту жариялады. Еліміздің көптеген облысында ауа райы нашарлап, қатты жел, үсік және жауын-шашын күтіледі.

    Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады: үсік, қар және дауыл күтіледі

    Сурет: tengrinews.kz

    Жексенбі күні Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт нашарлайды. «Қазгидромет» РМК синоптиктері үсік, қар және дауылды желге байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, батысында түнде 1 градус үсік күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы ықтимал, сондай-ақ 2 градус үсік болжанады. Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Көптеген аймақта жоғары өрт қаупі сақталады.

    Ақтөбе облысының оңтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Атырау облысының батысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, өзге аудандарында шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан облысының батысында түнде өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз шаңды дауыл көтеріледі.

    Алматы облысының солтүстігі мен батысында жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Жетісу облысының шығысы мен орталығында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні кей кездері 25 м/с болады. Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болжанады, жел екпіні 23 м/с құрайды. Шымкентте жел екпіні 15-20 м/с болады.

    Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ұлытау облысында желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде шаңды дауыл күтіліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз облыс орталығында 23 м/с құрайды. Бұл өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Маңғыстау облысында ауа райы құбылмалы болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында түнде жаңбыр мен найзағай күтілсе, күндіз орталықта қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде және таңертең өңірдің батысында тұман түседі деп болжануда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →