Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды •

    Шалбарын шешіп, телефонын лақтырған: Павлодарда түрмеден шыққан жігіт аялдамада тұрған бойжеткенді зорламақ болды

    Шалбарын шешіп, телефонын лақтырған: Павлодарда түрмеден шыққан жігіт аялдамада тұрған бойжеткенді зорламақ болды

    Павлодарда аялдамада тұрған бойжеткенді зорламақ болып, шабуыл жасаған еркек екінші рет сотталып кетті. Қылмыскер түрмеден шыққан бойда қызға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info агенттігі irbistv.kz-ке сілтеме жасап.

    Ер адам мас күйде Қамзин көшесіндегі «Тубдиспансер» аялдамасының маңынан өтіп бара жатқан. Сол жерде құрбысын күтіп тұрған жас қызды байқап, оған қырындаған.

    Кейін күдікті павлодарлық бойжеткенді белінен қатты ұстап, бұталардың арасына қарай сүйреп әкеткен. Сол жерде қыз баланың шалбарын шешуге әрекет жасап, қорқытып, телефонын лақтырып жіберген. Дәл осы сәтте құрбысы келіп қалып, оны таппаған соң оған қоңырау шала бастаған.

    «Ол қызды әдейі зорламақ болған, өйткені жәбірленуші оған ақша, телефон және не қаласа соны беруге дайын екенін айтқан. Сол кезде қыздың бір құлағында құлаққап болған, ол телефонына әрең жетіп, құрбысының қоңырауына жауап берген. Құрбысы оның қатты дауысын естіп, жанына жүгіріп жетіп, айқайлай бастаған. Осыдан кейін ол қорқып кетіп, қыздың үстінен тұрып, оқиға орнынан қашып кеткен», – делінген сот үкімінде.

    Қылмыскер оқиғадан кейін Алматыға қашып кеткенімен, кейін ұсталып, оған зорлауға оқталу бабы бойынша айып тағылды. Сотта ол кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Сонымен қатар сот оның әрекетін қылмыстың қайталануы деп танып, моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

    Фото: aikyn.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →