Фото: ашық дереккөзден
Иранға қарсы соғыс жалғасатын болды, деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info порталы.
Мұны АҚШ Президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жазды. Айтуына қарағанда, Құрама Штаттар Ислам Республикасының әскерін талқандады.
Сондай-ақ Америка әлемдегі ең қуатты әскери күшке ие дейді Ақ үй басшысы. Бұдан бөлек ол өз әкімшілігінің жұмысын мақтаған.
«Мен билікке келгелі АҚШ экономикасы күшейіп, инвестиция көбейіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды»,- деп жазды ол.
Сосын бұрынғы президент Джо Байденнің саясатынан Америка әлсіреді деп сынаған. Бейжіңмен арадағы қарым-қатынас жайында «Қытай төрағасы Си Цзинпинь қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктеріммен құттықтады» деп те атап өткен.
Сондай-ақ АҚШ пен Қытай арасы жақсаратынын да жазған.
