Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    «Қиратып кетті»: Ақтөбе облысында көлемі жұмыртқадай бұршақ жауды

    «Қиратып кетті»: Ақтөбе облысында көлемі жұмыртқадай бұршақ жауды

    Фото: Видеодан скрин

    Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы бірнеше ауылда ірі көлемдегі бұршақ жауып, айтарлықтай шығын келтірген. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан  бұршақтың көлемі  тауықтың жұмыртқасындай екенін көруге болады. Тұрғындар мұндай табиғи құбылысты көп жылдан бері алғаш рет көріп отырғандарын айтады.

    Жауған бұршақтың салдарынан үйлер мен шаруашылық нысандарының шатырлары тесіліп, көліктердің терезелері сынған. Электр бағаналары құлап, тұрғындар  жарықсыз қалған. Табиғаттың тосын мінезінен Шеңбертал мен Жарма ауылдары қатты зардап шеккен.

    «7 мамыр күні шамамен кешкі сағат 18:00-де маған бұршақ салдарынан сегіз электр бағанасы құлағаны хабарланды. Жарма тұрғындары электр қуатынсыз қалды. Энергетиктер оқиға орнына бірден жетті. Қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасуда», – дейді Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов.

    Ауданда табиғи апаттан келген шығынды есептеу үшін арнайы комиссия құрылған. Комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін ғана зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсетілетіні анықталатын болады.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →