Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Ауыл мектептерін ауданға қайтару ұсынылды

    Ауыл мектептерін ауданға қайтару ұсынылды

    Фото: Pixabay

    Мәжілісте ауыл мектептерін басқару жүйесіне қатысты маңызды мәселе көтерілді. «Аманат» партиясынан сайланған депутат Мұрат Әбенов ауылдағы білім беру ұйымдарын қайтадан аудан әкімдіктерінің қарамағына беру қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның айтуынша, 2021 жылдан бастап мектептердің облысқа тікелей бағынуы бірқатар қиындықтарға әкелген. Ауылдағы қарапайым шаруалар – жөндеу, жылу, жарық сияқты мәселелерді шешу ұзаққа созылып кеткен. Бұрын мұндай проблемаларды аудан деңгейінде жедел шешуге мүмкіндік болған.

    Депутат сондай-ақ бақылаудың әлсіреуіне байланысты қаржының тиімсіз жұмсалу тәуекелі артқанын атап өтті. Кейбір жағдайларда мектептерде ірі көлемдегі қаржылық заңбұзушылықтар анықталған.

    Осыған байланысты бір топ депутат ауыл мектептерін қайтадан аудан бюджетіне қайтаруды ұсынып отыр. Олардың пікірінше, бұл шешім жергілікті деңгейде жауапкершілікті күшейтіп, мәселелерді жедел шешуге жол ашады.

    Алайда бұл бастамаға бәрі бірдей келісе бермейді. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл бағытта өз ұстанымын білдіріп, мәселе әлі де талқылауды қажет ететінін жеткізді.

    Қазіргі таңда ұсыныс Парламентте қаралуда. Соңғы шешім талқылаулар нәтижесінде қабылданады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →