Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды

    Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды

    Фото: gov.kz

    Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы KASE-ге сілтеме жасап хабарлайды.

    Құжатқа сәйкес, директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім биыл 7 сәуірде қабылданған.

    Айта кетейік, Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне биыл қаңтар айында енген болатын.

    Осыған дейін ол «Самұрық-Қазына» қорындағы қызметінен айырылған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →