Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Доллар тағы қымбаттады: Ақша айырбастау бекеттеріндегі жаңа бағам

    19 сәуірде Қазақстанның ақша айырбастау бекеттерінде доллар, еуро және рубль бағамы өзгерді. Астана, Алматы, Шымкенттегі жаңа бағам.

    Доллар тағы қымбаттады: Ақша айырбастау бекеттеріндегі жаңа бағам
    file_853.jpg

    19 сәуірде Қазақстанның ірі қалаларындағы ақша айырбастау бекеттерінде доллар мен еуро бағамы өзгерді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында АҚШ долларын сатып алу – 468 теңге, ал сату – 475 теңгеден белгіленді. Еуроны 553 теңгеге сатып алып, 563 теңгеге сатуға болады. Ал ресейлік рубльді сатып алу құны – 6 теңге, сату – 6,3 теңге.

    Алматыда жағдай сәл басқаша: долларды 471,5 теңгеден сатып алып, 473,5 теңгеге сатуда. Еуро бағамы 554 (сатып алу) және 557,5 (сату) теңге аралығында құбылып тұр. Рубльді 6,07 теңгеге алып, 6,12 теңгеден сатуда.

    Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте долларды 472 теңгеден сатып алып, 474 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 553 теңгеге қабылдап, 558 теңгеге сатуда. Рубль бағамы: сатып алу – 6,07 теңге, сату – 6,15 теңге.

    Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық банкі демалыс күндеріне арналған ресми бағамды белгіледі. Оған сәйкес, бір доллардың құны – 469,52 теңге, еуро – 553,75 теңге, ал рубль – 6,15 теңге болып бекітілді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →