Павлодардағы қайғылы оқиға: екі жұмысшы тірідей көміліп қалды

Павлодарда су құбырларын жөндеу кезінде бес жұмысшыны топырақ басып қалды. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құтқарушылар келгенге дейін кәсіпорын қызметкерлері бір адамды топырақ астынан өздері алып үлгерген. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар үйінді астынан тағы екі адамды аман-есен шығарды.

Алайда, екі жұмысшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Олардың денесі топырақ астынан табылды.

Қазіргі таңда зардап шеккен екі азамат ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресуде.

Полиция аталған факті бойынша тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның себептері мен еңбек қауіпсіздігі шараларының сақталуы тексеріліп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика