Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    100 млн теңге заңсыз табыс: танымал блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

    Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деп айыпталған танымал Instagram-блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды. Ол 100 млн теңгеден астам табыс тапқан.

    100 млн теңге заңсыз табыс: танымал блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
    file_836.jpg

    Вьетнамда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген танымал блогер Қайсар Қамза ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қазақстанның Ішкі істер министрлігі күдіктіні Камрань қаласында Интерпол мен жергілікті полицияның көмегімен қолға түсіргенін мәлімдеді.

    Тергеу мәліметінше, ол әлеуметтік желідегі парақшаларында онлайн-казиноның жарнамалық видеоларын жүйелі түрде жариялап, оқырмандарын құмар ойындарға тартқан.

    «Күдікті заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 100 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Ақшаны өз атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударып отырған», — деп хабарлады министрлік.

    Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →