Мирзиёев Тоқаевты Бұхарада күтіп алды: екі президент не талқылайды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Президентті Бұхарада Шавкат Мирзиёев күтіп алып, бейресми кездесу өткізеді.
file_824.jpg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды, оны Бұхара қаласының әуежайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің өзі қарсы алды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Жоғары мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Қазақстан Президентінің құрметіне ұлттық ән-би орындалып, ерекше қошемет көрсетілді.
Бүгін екі ел басшылары бейресми форматта кездесу өткізеді деп жоспарланған. Сонымен қатар олар ежелгі Бұхараның бірқатар тарихи және өнеркәсіптік нысандарын аралайды.
Фото: Әлеуметтік желіден
