Айға 50 жылдан соң адам ұшты: Тоқаев Трампты құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты жарты ғасырдан кейін Айға адамзатты қайтарған «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл миссия 50 жылдық үзілістен соң адамның Айға қайта оралуын қамтамасыз етіп, ғарышты игеру тарихында жаңа белесті бастаған маңызды оқиға болып отыр.

Мемлекет басшысы америкалық ғылымның жетістіктеріне жоғары баға берді.

«Бұл жетістік білім көкжиегін кеңейтіп, бүкіл әлемдегі ғалымдар үшін шабыт көзіне айналды», – делінген құттықтауда.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасы аясындағы және өзге де ғарыштық бастамаларына сәттілік тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика