Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Наурыз ҰБТ: 130 талапкер шеттетілді

    Наурыз ҰБТ: 130 талапкер шеттетілді

    Фото: gov.kz

    Наурыз 179 мың адам тестілеуге қатысып, талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады.  Қатысушылардың 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде және 157 адам ағылшын тілінде тапсырды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Бес пән бойынша орташа балл 66 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл. Атырау облысының түлегі Кеңесова Жазира төрт пән бойынша 90 балл жинады. Сонымен қатар Жазира ҚазТест сертификатын пайдаланып, «Қазақ тілі» пәні бойынша балдарын конвертациялады. Осылайша, Кеңесова Жазираның жалпы нәтижесі 140 балды құрайды.

    Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Бұл жолы 31 мыңнан астам өтініш қабылданып, олардың ішінде 17 бірегей тест тапсырмасына қатысты өтініштер қанағаттандырылды. Республикалық комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді.

    Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Математика-Физика» комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 18,7%-ы тапсырды. «Биология-Химия» пәндерін 16,5% таңдаған. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 10,3% таңдаған «Шығармашылық емтихан» комбинациясы кірді.

    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 408 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

    ҰБТ-ны өткізу барысында 264 ереже бұзушылық анықталды. 130 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 134 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

    2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →