Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Жағдайы ауыр: Алматыда 20 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйден құлап кетті Аргентина Швейцарияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Қазақстандық журналист әрі жазушы Жұмабек Табынбаев қайтыс болды Англия құрамасы Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты «Өмірімдегі ең ауыр күн болды»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамылды Жағдайы ауыр: Алматыда 20 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйден құлап кетті Аргентина Швейцарияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Қазақстандық журналист әрі жазушы Жұмабек Табынбаев қайтыс болды Англия құрамасы Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты «Өмірімдегі ең ауыр күн болды»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамылды

Таразда құтқарушылар үлгермеді: 5-қабаттан секірген ер адам көз жұмды

Тараздағы «Ұлы дала» мөлтекауданында қайғылы оқиға болды. Психоневрологиялық есепте тұрған ер адам құтқарушылардың көзінше 5-қабаттан секіріп кетті.

Таразда құтқарушылар үлгермеді: 5-қабаттан секірген ер адам көз жұмды
file_804.jpg

Таразда көпқабатты үйдің бесінші қабатынан ер адам секіріп кетті. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 7 сәуір күні кешке «Ұлы дала» (15-ші) мөлтекауданындағы үйлердің бірінде болған. Психоневрологиялық есепте тұрған ер адам өзіне-өзі қол жұмсайтынын айтып, пәтерге қамалып алған.

Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жеткен. Олар пәтердің есігін бұзып кіруге тырысқан. Сонымен қатар, терезенің алдына арнайы өрт сөндіру сатысы қойылып, төменде құтқарушылар пневматикалық жастықты дайындаған.

Алайда құтқарушылардың әрекетіне қарамастан, ер адам көпшіліктің көз алдында балконнан секіріп кеткен. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →