Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Мұрат Әбенов Шымкенттегі «Нұрай ісіне» қатысты пікір білдірді

    Мұрат Әбенов Шымкенттегі «Нұрай ісіне» қатысты пікір білдірді

    Фото: Мәжіліс

    Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Күдіктінің психиатриялық орталыққа жатқызылуы марқұмның жақындарының наразылығын күшейтті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Туыстары медициналық қорытындыға сенбейтінін айтып, тәуелсіз тексеріс жүргізуді талап етуде.
    Бұл мәселеге Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов пікір білдірді. Оның айтуынша, марқұмның ағасы шамамен 20 күн бұрын хабарласып, істің әділ қаралуына алаңдаушылық білдірген.

    Депутат мұндай істерде тәуелсіз сарапшыларды тарту қажет екенін атап өтті.
    Себебі резонансты жағдайларда тек мемлекеттік сараптамаға сүйену қоғам сеніміне күмән тудыруы мүмкін. Ал полиция күдіктіге екі рет жүргізілген сараптама психикалық ауытқу бар екенін көрсеткенін мәлімдеді.

    Сол себепті ол мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жіберілген. Сонымен қатар, ем аяқталғаннан кейін тергеу әрекеттері қайта жалғасатыны айтылды.
    Алайда марқұмның туыстары бұл шешіммен келіспей, істің ашық әрі әділ тексерілуін талап етіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →