Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Жалақыны көбейтіп, ақшаны қолма-қол қайтарып алған: бас дәрігер күдікке ілінді

    Жамбыл облысындағы аурухананың бұрынғы бас дәрігері мен есепшілері 49 млн теңге жымқырды деп айыпталуда. Қазір істі ҰҚК тергеп жатыр.

    Жалақыны көбейтіп, ақшаны қолма-қол қайтарып алған: бас дәрігер күдікке ілінді
    file_693.jpg

    Жамбыл облысында көпбейінді орталық аудандық аурухананың бұрынғы бас дәрігері 49 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл ақпаратты облыс прокуратурасы растады. Қадағалау органы ірі көлемдегі қаржылық заңбұзушылықты емхана жұмысын тексеру барысында анықтаған.

    «Бұрынғы бас дәрігер есепшілермен бірге 2023 жылдың ақпаны мен 2024 жылдың наурызы аралығында жалпы сомасы 49 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды. Олар қызметкерлердің жалақысын әдейі көбейтіп жазып, артылған соманы қолма-қол қайтарып алған. Сонымен қатар орындалмаған жұмыстар үшін үшінші тұлғаларға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге негізсіз ақша аударып отырған», — делінген хабарламада.

    Тексерістен кейін прокуратура аурухана басшылығы мен есепшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазір бұл істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаменті тергеп жатыр.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұрынғы бас дәрігер бір айдан астам уақыт жұмыста себепсіз болмағаны үшін қызметінен босатылған.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →