Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Қазақстанда жаңа Алатау қаласы пайда болады

    Қазақстанда жаңа Алатау қаласы пайда болады

    Фото: gov.kz

    Қазақстанда жаңа Алатау қаласын ерекше мәртебемен дамыту туралы заң дайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Парламентте айтты.

    Оның сөзінше, Алатау жай ғана қала болмайды. Бұл өңірді тез дамыту үшін арнайы құқықтық режим енгізілмек. Яғни қалада салық, инвестиция, жер беру және бизнес жүргізу тәртібі Қазақстанның басқа қалаларынан бөлек болуы мүмкін.

    Бозымбаевтың айтуынша, мұндай модель әлемде бұрын қолданылған. Қытайдағы Шэньчжэнь, Сингапур, Дубай сияқты қалалар дәл осындай арнайы мәртебе арқылы тез дамыған. Сондықтан Алатау да инвестор тартатын жаңа экономикалық орталыққа айналады деп жоспарланып отыр.

    Қазірдің өзінде қалада іске асуы мүмкін 40-тан астам инвестициялық жоба бар. Олардың жалпы құны 1,8 триллион теңгеге жуық. Егер жоспар жүзеге асса, ондаған мың жаңа жұмыс орны ашылады.

    Жаңа заң бойынша Алатауда арнайы басқару органы құрылады. Ол инвестиция тарту, салық жеңілдіктерін беру және ірі жобаларды бақылаумен айналысады. Сонымен қатар қала 30 жылға арналған жоспармен дамиды, бұл инвесторларға тұрақтылық беру үшін қажет.

    Үкіметтің болжамынша, барлық жоба іске асса, 2050 жылға қарай Алатау қаласының экономикасы ондаған миллиард долларға жетуі мүмкін. Бірақ сарапшылар мұндай арнайы аймақтар дұрыс басқарылмаса, нәтиже болмайтынын да ескертіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →