Ішімдік ішіп ұсталғандарға 7 жыл жаза жеңілдей ме? Мәжілісте рақымшылыққа кімдер ілігуі мүмкін екені айтылды

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан рақымшылыққа қатысты нақты заң жобасы әзірге жоқ екенін айтты.  Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Оның сөзінше, бұл бастама мемлекет басшысының ұсынысынан кейін ғана көтерілген, сондықтан қандай құқық бұзушылықтар кіретіні әлі белгісіз.

Депутаттың айтуынша, қоғамда ең көп талқыланып жатқан мәселенің бірі — айыппұлдардың көбеюі және ішімдік ішіп көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасының қатаңдығы.
Сондай-ақ соңғы жылдары тексерулерге мораторий болғанымен, 2024 жылдан бастап бақылау күшейіп, әсіресе шағын және орта бизнеске салынатын айыппұл көлемі артқан.

Осыған байланысты кәсіпкерлер тарапынан көп шағым түсіп жатқанын айтты. Абзал Құспанның пікірінше, рақымшылық жасалса, алдымен осы санаттағы азаматтар ілігуі мүмкін. Алайда депутат бұл әзірге тек болжам екенін, Мәжілісте нақты талқылау әлі болмағанын атап өтті.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика