Қазақстанда төленбеген әкімшілік айыппұлдар толық немесе ішінара кешірілуі мүмкін. Президент осындай айрықша бастама көтерді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігі рақымшылыққа ілінетін құқық бұзушылық санаттары мен айыппұл сомасын нақтылап жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов ведомстволарға барлық ұсынысты екі апта ішінде дайындауды тапсырды.
Бұл бастамамен қатар, ауыр емес қылмыстық істер бойынша да рақымшылық жасау мәселесі пысықталуда. Алайда бұл жеңілдік бұрын сотталғандарға, яғни қайта қылмыс жасағандар мен аса қауіпті қылмыскерлерге қолданылмайды.
Тиісті заң жобасын Мәжіліс осы сессияның соңына дейін қабылдауды жоспарлап отыр.
Фото: Әлеуметтік желіден
