Басты бет » Референдум аяқталды: дауыс бергендер саны күтпеген межеге жетті

Референдум аяқталды: дауыс бергендер саны күтпеген межеге жетті

file_650.jpg

Қазақстанда өткен республикалық референдумға дауыс берушілердің басым көпшілігі қатысып, белсенділік танытты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-дегі ресми мәліметіне сәйкес, ел бойынша 9 126 850 азамат өз таңдауын жасап, бюллетень алған. Бұл – сайлаушылардың жалпы санының 73,24 пайызын құрайды.

Енді сайлау учаскелерінде дауыстарды санау процесі басталды. Заң бойынша, бұл процедура 12 сағаттан аспауы тиіс.

Референдумның алдын ала қорытындысы жақын арада жарияланады деп күтілуде, алайда оның нақты уақыты әзірге хабарланған жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика