Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Жанабыловтар ісі: сот қылмыстық істі прокуратураға қайтарудан бас тартты

    Жанабыловтар ісі: сот қылмыстық істі прокуратураға қайтарудан бас тартты
    Screenshot
    Фото: Видеодан алынған кадр

    Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Сот отырысында қорғаушы тарап істі прокуратураға қайтаруды сұрағанымен, судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Блогерлердің адвокаты Гаухар Айтжанова қылмыстық-процессуалдық нормалардың бұзылғанын алға тартып, істі тоқтату үшін материалдарды прокурорға қайта жолдауды сұрады. Оның айтуынша, алдын ала тергеу кезінде бірқатар рәсімдер сақталмаған.

    Алайда мемлекеттік айыптаушы Карина Аманжолованың сөзінше, іс материалдарында жеткілікті дәлелдер бар және олар Қылмыстық кодекстің 214 және 218-баптарында көзделген құқықбұзушылық белгілерін көрсетеді. Прокурордың пікірінше, сараптама қорытындылары, қаржылық құжаттар мен процессуалдық әрекеттердің нәтижелері істі сотта қарауға толық негіз береді.

    Істі қарап жатқан судья Әділбек Баймаханов қорғаушының өтінішін қарастырып, қылмыстық істі прокуратураға қайтаруға заңды негіз жоқ деген шешім шығарды. Осылайша іс сотта қаралуын жалғастырады.

    Еске салайық, блогерлерге заңсыз қаржы операцияларын ұйымдастырды деген күдікпен Қылмыстық кодекстің 214 және 218-баптары бойынша айып тағылған. Негізгі сот талқылауы алдағы күндері өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →