Фото: ЖИ
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған контенттер жақсы қалыптасқан. Әлеуметтік желілерден де, мемлекеттік телеарналар мен басылымдар арқылы да балаларға арналған контенттер аз емес. Қазақстандық жастар мен балалардың цифрлық қолтаңбалары қазірдің өзінде жоғары жағдайда қалыптасқан, деп мәлімдеді QazaqToday.info ақпараттық порталына сұхбат берген сарапшы Жанар Жақанова.
UNICEF-тің “Kids Online Kazakhstan” зерттеуінің мәліметінше, 9–10 жастағы балалардың шамамен 60%-ының әлеуметтік желілерде аккаунттары бар, ал 11–12 жастағы жасөспірімдердің шамамен үштен екісі белсенді түрде өз профильдерін жүргізеді. Осы арқылы көптеген балалар кішкентайлар мен оқушыларға арналған сан түрлі пайдалы контенті көріп кеелді.
Медиа білім беру саласының сарапшысы Жанар Жақанованың айтуынша, әлеуметтік платформалар елдегі интернет аудиториясының басым бөлігін қамтиды: TikTok-ты Қазақстанда 15 миллионнан астам пайдаланушы қолданады, ал Instagram-ның аудиториясы 12 миллионнан асады.
«Біз балалар мен жасөспірімдердің цифрлық контент жасаушылары деген құбылыстың пайда болғанын байқап отырмыз. Сонымен қатар, қатарластары жасаған жарияланымдарды жасөспірімдер анағұрлым шынайы деп қабылдайды. Сондықтан жасөспірім блогерлер көбіне трендтер мен мінез-құлық үлгілерінің таратушысына айналады», — дейді сарапшы Жанар Жақанова.
Халықаралық тәжірибеде digital footprint — яғни интернетте сақталып, жылдар өткен соң да қолжетімді болуы мүмкін цифрлық із ұғымы қолданылады. Жасөспірімдік кезеңде жарияланған материалдар уақыт өте келе адамның кәсіби және қоғамдық беделіне әсер етуі мүмкін. Бүгінде университеттердің 25–35%-ы талапкерлердің әлеуметтік желілерін тексереді, ал жұмыс берушілердің 54%-ы үміткерлерден олардың контентіне байланысты бас тартқан.
Балалар көретін контенттердің бәрі қазақстандық өнім емес екенін де естен шығармау керек. Бірақ шетелдік өнімдермен өмір сүру де елдегі балалардың санасына өзгеріс енгізіп жатқанын джоққа шығара алмаймыз.
«Еуропада балалардың блогингке қатысуын реттейтін заңнамалық бастамалар талқыланып жатыр. Францияда балалар-инфлюенсерлердің қызметін реттейтін заң қабылданды. Ал Оңтүстік Кореяда балалардың YouTube-арналары ойын-сауық және маркетинг индустриясының бір бөлігіне айналды, бұл өз кезегінде балалардың еңбек құқықтары мен психологиялық жүктемесі туралы пікірталастарға себеп болды», — дейді балалар контетін зерттеген Жанар Жақанова.
Қазақстан да әлемнің қалған бөлігімен бірдей цифрлық экожүйеде өмір сүреді. Алайда елде жасөспірімдердің цифрлық беделі туралы талқылау енді ғана қалыптаса бастады.
«Мектептерде медиасауаттылықты дамыту маңызды: ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары мен өз цифрлық беделін басқару қабілеттерін қалыптастыру қажет. Сондай-ақ жарияланатын материалдар үшін жауапкершілік пен өзара құрмет мәдениетін дамыту да аса маңызды», — деп санайды Жақанова.
Оның айтуынша, жас авторларға Қазақстанның мәдениеті, тарихы және әлеуметтік бастамалары туралы айтуға мүмкіндік беретін жобаларды қолдау қажет.
«Бүгінгі жасөспірімдер интернеттің болашақ мәдени кеңістігін қалыптастырып жатыр. Олардың жарияланымдары мен идеялары ұжымдық цифрлық кеңістіктің бір бөлігіне айналады», — деп атап өтті сарапшы.
