Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті •

    Тоқаев: Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, әскерилердің ерлігі мен кәсібилігін атап өтті.

    Тоқаев: Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы

    Сурет: kaztag.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Президенттің құттықтауын Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    «Бұл мерекенің мемлекеттік және қоғамдық маңызы ерекше. Ол – Отанымыздың игілігі жолында қызмет еткен және қызмет етіп жүрген, еліміздің тыныштығын, аумақтық тұтастығын, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін күні-түні күзетіп тұрған барша азаматтардың басын біріктіреді. Біздің сарбаздарымыз бен сардарларымыз батыр бабаларымыздың даңқты дәстүрін жалғастырып, шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетіп келеді», – делінген Президенттің құттықтауында.

    Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің сарбаздары мен офицерлері, барлық күштік құрылымдардың қызметкерлері бітімгерлік миссиялар, арнайы оқу-жаттығулар мен түрлі халықаралық жарыстар барысында жоғары кәсібилік, тәртіп пен жауынгерлік шеберлік танытып, ең күрделі тапсырмаларды орындауға дайын екендерін дәлелдеп келеді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және әскери қызметшілерді жан-жақты қолдауға әрдайым баса мән беретінін жеткізді. «Жаңа Конституцияда «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы әрі міндеті» деп нақты жазылған. Бұл сөздер ел мен халықтың ажырамас байланысын, әрбір азаматтың Отан тағдырына деген жауапкершілігін білдіреді», – деп атап өтті Президент.

    Сөз соңында Президент Отан қорғаушыларға табандылығы, үлгілі қызметі және антқа адалдығы үшін ризашылығын білдіріп, барша азаматтарға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тіледі. «Армия мен халықтың мызғымас бірлігі нығая берсін! Қасиетті Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →