Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Әділетті Қазақстан үшін»: жаңа партияның ұстанымы белгілі болды

    Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босаған Айбек Дәдебай жаңадан құрылған «Әділет» саяси партиясының төрағасы лауазымына сайланды. Съезд Астанада өтті.

    «Әділетті Қазақстан үшін»: жаңа партияның ұстанымы белгілі болды

    Астанада өткен құрылтай съезінде Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен жақында босаған Айбек Дәдебай «Әділет» саяси партиясының төрағасы болып сайланды. Жаңа саяси ұйымның құрылтайына жиналған делегаттар Дәдебайдың кандидатурасын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Съезд барысында делегаттар жаңа партия құру туралы бастаманы қолдап, «Әділетті Қазақстан үшін» атты партия бағдарламасын бекітті. Саяси ұйым өзін азаматтардың тікелей қатысуына негізделген қоғамдық бірлестік ретінде таныстырды.

    Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамбетов партияның негізгі ұстанымдары ретінде әділет, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік және прогресті атап өтті. Жаңа ұйымның құрамында Раушан Қажыбаев, Андрей Лаврентьев, Бағдат Мусин, Нұрбек Мәтжани сынды белгілі тұлғалар бар.

    Партияның басқару органдары ретінде съезд, саяси кеңес, бюро және төраға институты бекітілді. Ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, партияның негізгі мақсаты – саяси реформаларды қолдау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →