Дубайдағы зәулім ғимаратқа шабуыл: Иран АҚШ пен Израильге нұсқады

Дубайда әуе шабуылына тойтарыс беру кезінде ұшқышсыз ұшақтың сынықтары зәулім ғимаратқа құлап, бір адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оқиға куәгерлері дрон сынықтарының ғимараттың 88-қабатына соғылғанын айтады. Әлеуметтік желіде ғимараттың жоғарғы қабаттарынан қою түтін шығып, өрт тұтанғаны бейнеленген видеолар тарады. Оқиғадан кейін ғимарат тұрғындары шұғыл түрде сыртқа шығарылды. Аумақ қоршауға алынып, оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадалары жетті.

Дубай үкіметі бір адамның қаза тапқанын ресми растады. Биліктің хабарлауынша, әуе нысанын атып түсіру кезінде оның сынықтары Әл-Барша ауданында тұрған көліктің үстіне құлаған.

Ал Иранның мемлекеттік телеарнасы бұл оқиғаны дрон шабуылы деп атап, оның салдарын көрсететін видео жариялады. Тегеранның пікірінше, бұл жай ғимарат емес.

«Бұл ғимаратты Израиль мен АҚШ-тың қарулы күштері баспана ретінде пайдаланған», — деп мәлімдеді Иранның мемлекеттік арнасы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика