Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Жаңа рекорд: 48 жастағы ана 13-ші баласын дүниеге әкелді

    Жаңа рекорд: 48 жастағы ана 13-ші баласын дүниеге әкелді

    2 наурыз күні Теміртау қаласының тұрғыны Лариса Кузнецова облыстық клиникалық аурухананың №1 перинаталдық орталығында 13-ші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Дәрігерлердің мәліметінше, ұл бала 3650 грамм салмақпен, бойы 54 сантиметр болып туған.

    Босану табиғи жолмен өтті және сәтті аяқталды, – делінген аурухананың Facebook парақшасында жарияланған хабарламада.

    Сәбиге Эмин есімі берілген. Ол – 48 жастағы көпбалалы ана Лариса Кузнецованың тоғызыншы ұлы. Үлкен отбасындағы ең үлкен қызы қазір 25 жаста.

    Көпбалалы ана өз сөзінде өзі де үлкен отбасында өскенін айтып, мұндай өмір салты оған таңсық емес екенін жеткізді.

    Мен өзім де көпбалалы отбасында өстім, сондықтан бұл мен үшін жаңалық емес. Ал жолдасым үйінде жалғыз бала болып тәрбиеленген, бірақ уақыт өте келе ол да үйреніп кетті. Соңғы сәбиімізге бәріміз ерекше қуанып отырмыз. Дәрігерлерге үлкен алғысымды білдіремін, олар баламыздың аман-есен дүниеге келуіне көмектесті, – деді ол.

    Қазіргі уақытта ана мен сәби дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары жақсы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →