Иран көсемінің резиденциясы жермен-жексен болды: суреттер жарияланды

Израильдің әуе шабуылынан кейін Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің Тегерандағы резиденциясы толық қирады. Ғимараттың жойылғанын дәлелдейтін спутниктен түсірілген суреттер жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

The New York Times басылымы жариялаған Airbus Defence and Space компаниясының суреттерінде ғимарат орнының ойран-ботқасы шыққаны анық көрінеді. Батыс ақпарат құралдары бұл соққыны Израиль әскери-әуе күштері жасағанын жазуда.

Иран билігінің мәліметінше, аятолла Хаменеидің өзі зардап шеккен жоқ. Ол шабуыл алдында қауіпсіз жерге алдын ала көшіріліп үлгерген.

Израильдің шабуылы тек рухани көсемнің резиденциясымен шектелмеген. Соққылар Тегерандағы Барлау министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Иранның Атом энергиясы ұйымы және басқа да бірқатар маңызды басқару орталықтарына жасалғаны белгілі болды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика